Жедел зертханалы клиникалық-диагностикалық зертхана
Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығының клиникалық-диагностикалық зертханасы ана мен баланың денсаулық жағдайын уақытында диагностикалау мен бақылау үшін қажетті зерттеулердің кең ауқымын қамтамасыз етеді.
Біздің дәрігерлер: Сабекова Айман Амангелдиновна, Бақберген Нағила Бақбергенқызы – Аға зертханашы
Здесь проводятся биохимические, гематологические, иммунологические и другие виды анализов, соответствующие современным медицинским стандартам.
Мұнда заманауи медициналық стандарттарға сай биохимиялық, гематологиялық, иммунологиялық және тағы басқа талдау түрлері жасалады.
Аз уақыттың ішінде талдау нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін жедел зертхананың атқаратын рөлі ерекше. Бұл әсіресе, ана мен баланың өмірін және денсаулығын сақтау үшін жедел түрде шешім қабылдауды қажет ететін ургентті жағдайларда өте маңызды екені сөзсіз.
Зертханада заманауи жабдықтар қолданылады және зерттеудің нақты нәтижелерін беретін тәсілдер пайдаланылады. Тәжірибелі мамандар жұмысы нәтижелердің дұрыстығына кепілдік береді, демек –дұрыс диагноз бен тиімді емдеу қамтамасыз етіледі.
Клиникалық-диагностикалық және жедел зертхананың арқасында дәрігерлер медициналық көмектің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете отырып, пациент жағдайын жылдам әрі нақты бағалай алуға мүмкіндік алады.
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Жедел зертханалы клиникалық-диагностикалық зертхана
