Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі адамдарға қатысты азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге жол беріледі…

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі

16 бөлім. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛДІКТЕРІ

94 бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету

  1. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге:
  2. Өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі;
  3. Айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары бар;
  4. Ауыр психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар;
  5. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты жол беріледі.
  6. Кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық көмекті және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған жағдайда медициналық көмек көрсету туралы шешімді — консилиум, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
  7. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1 тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.

Сілтеме. 3 бапқа өзгерту енгізілді, ҚР 29.12.2010 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Заңымен.