Азаматтардың репрдуктивті құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Азаматтар: репродуктивтілікті еркін таңдауға….

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18  қыркүйектегі № 193-IV Кодексі

16 тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛДІКТЕРІ

96 бап. Репродуктивтік құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері

  1. Азаматтар:
  2. Репродуктивтілікті еркін таңдауға;
  3. Репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға;
  4. Өзінің репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы анық және толық ақпарат алуға;
  5. Бедеуліктен, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген репродуктивтіліктің қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;
  6. Жыныстық жасушалардың, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығына;
  7. Контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
  8. хирургиялық стерилизацияға;
  9. жүктілікті жасанды үзуге;
  10. өздерінің репродуктивтік құқықтарының қорғалуына;
  11. балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға;
  12. жыныстық жасушаларды, репродуктивтік ағзалардың тіндерін, эмбриондарды сақтауға құқылы.
  13. Кәмелеттік жасқа толмағандар репродуктивтік денсаулығын қорғауға және өнегелі жыныстық тәрбие алуға құқылы.
  14. Азаматтар өздерінің репродуктивтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

Сілтеме. 96-бапқа өзгеріс енгізілді  — ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен енгізілген (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енді).  

97 бап. Жүктілік кезінде, босану және босанғаннан кейін кезеңде әйелдер денсаулығын қорғау

  1. Әйел жүктілік кезінде, босану және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананың тірі тууы мен өлі тууының халықаралық өлшемшарттарында айқындалатын мерзімінен бұрын босану кезінде Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді пайдалана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға міндетті.
  2. Жүкті және босанушы және босанған әйелдерге денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық, консультативтік көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады.
  3. Жүктілік кезінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу тек әйелдің келісімімен немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады. Тексеруді кешіктіру әйел мен баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін, зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.