Біздің тарих - Қалалық Перинаталдық Орталығы

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы»

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталық» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорны

Түрлі жылдары Қалалық Перинаталдық орталықтың директорлары Аскарова Гульнара Ажибековна, Алимбекова Ольга Ахметовна, Коркан Иван Павлович, Жакашева Эльмира, Белоцерковский Виктор Александрович, Ербулатова Салтанат Тимурбековна болды.

1993 жылдан 2000 жж. аралығында орталық Туссон қ. (Аризона штаты, АҚШ) Перинаталдық орталығымен серіктес болды, 1997 ж. ол жерге АҚШ-ның бірінші ханымы Хилари Клинтон келген; 1996, 1998 жж. Орталыққа БҰҰ Балалар қорының бас директоры К. Беломи келген.

Бүгінде Қалалық Перинаталдық орталық – Алматы қ. босандыру қызметіне арналған ұйымдық-әдістемелік орталық, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Қазақ-Ресей медициналық университеті, Алматы медициналық колледжінің клиникалық базасы.

Жыл сайын Орталық базасында Алматы қаласының акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері, аға мейірбикелері мен акушерлері ғана емес, ҚР басқа аймақтарынан да медициналық қызметкерлер келіп біліктіліктерін арттырады. 40 жыл бойы Орталықта Қазақстандағы бірінші және бірегей Неонатология кафедрасы жұмыс істейді.

1995 жылдан Орталық «Ана сүтімен емізуді қолдау, ынталандыру және қорғау» ДҰҰ және ЮНИСЕФ бағдарламаларын енгізу бойынша пилотты мекеме болып табылады

1999 ж. Орталық «Балаға достық ниеттегі аурухана» мәртебесіне лайықты деп танылды, 2002, 2014, 2017 жылдары статус расталды.

1999 жылдан ДДҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған «Қауіпсіз ана болу» Бағдарламасы енгізілді.

2002 жылдың қыркүйегінен Орталық ДДҰ тірі туылу критерийлеріне өту бойынша пилотты мекеме болды (22 аптадан , шарана салмағы 500гр. бастап). 2008 жылдың 1 қаңтарынан аталған критерийлер ҚР барлық территориясына енгізілді.

2004 жылы CDC бірге ОАРҚ елдерінің ішінде бірінші рет Алматыда «Матрица BABIES технологиялары бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті. Орталық осы технологияны енгізу және мамандарды оқыту үшін пилотты мекеме болып анықталды.

Орталықтың мақтанышы – оның ұжымы: 80 дәрігер, 210 мейірбике және акушер. Жұмыс істеген 25 жыл ішінде Орталық қызметкерлері «Құрмет» орденін, «Астанаға 10 жыл», «ҚР Конституциясына 15 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарын, «Алтын скальпель», «Алтын стетоскоп» наградаларын алды. 7 дәрігер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» мәртебесіне ие болды.

Бүгінде Орталықта 80 дәрігер қызмет етеді, оның 50% – жоғары біліктілік категориясына ие болса, қызметкерлердің 25%-ның – 15 жылдан аса жұмыс өтілі бар.

2009 жылдан бері республикамызда алғаш рет CRRT-терапия (Prizmaflex), MARS-терапия, анестезияның заманауи тәсілдері, аппаратура Drager EVITA XL «smartcare» хаттамасымен, бронхоскоп «Бонфилс» енгізілді. 2012 ж. бауырлары қатты зақымдалған әйелдерге арналған MARS-терапия енгізілді. 2017 ж. алғаш рет ішкі жыныс органдарының түсіп кетуіне метропластика отасы жасалды.

Орталық қанның газ құрамын бақылауға арналған ABL-80 Radiometer аппаратымен және ТСМ-40 жүйесімен жабдықталған. 3D и 4D-көріністі УДЗ аппараттары қолданылады.

Орталықта 20 жыл бойы «Дені сау баланың болашағы кабинеті» жұмыс істейді, онда босанудың психопрофилактикасы, тыныс алу жаттығулары, ана сүтімен емізу және жаңа туған нәрестелерге күтім көрсету бойынша сабақтар өткізіледі.

Қазіргі таңда Орталық Алматы қаласының 34 АМСК медициналық ұйымдарына қызмет көрсетеді.

Клиниканың бірегейлігі – қызметтердің, заманауи жабдықтардың, инновациялық технологиялардың және жоғарғы білікті персоналдың қажеттілігі. Орталық жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған және жоғарғы білікті көмек көрсететін мекеме иммиджін сақтап келеді.

Алматы қаласында туылған әр бес баланың біреуі Қалалық Перинаталдық орталықта дүниеге келеді, бұл орталықтың қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылатынын білдіреді.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00