Біз туралы - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Жоғары білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуге арналған ҚР-ғы ірі босандыру мекемесі

Алматы қаласының Қалалық Перинаталдық орталығы – перинаталдық аурудың даму қаупі, сонымен қатар шала туған нәрестелерді күту бойынша жүкті әйелдерге, босанған және босанушы әйелдерге мамандандырылған және жоғарғы білікті акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласындағы ірі босандыру мекемесі.

Алматы қаласының Қалалық Перинаталдық орталығы – бұл жыл сайын мыңдаған аналар мен жаңа туған нәрестелерге жоғарғы білікті көмек көрсетілетін заманауи медициналық мекеме. Біз ана мен бала денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін озық технологияларды, мамандардың тәжірибелі командасын және әр пациентке деген мейірімді біріктіреміз.

Өткен жыл біз үшін өсу мен маңызды жетістіктерге жеткен жыл болды:

·       9014 босану – біз қала бойынша 62% уақытынан бұрын босанған әйелдерді қабылдап, нәрестелердің қауіпсіздігі мен өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз еттік.

Нәрестелердің тірі қалуы 99,6%, ал  салмағы өте төмен болып туылған нәрестелердің (500–999 г) тірі қалуы – 65,6% құрайды, бұл біздің команданың кәсібилігін және заманауи перинаталдық көмектің тиімділігін көрсетеді.

·       16 700 пациент біздің орталықта емделді, былтырғы жылға қарағанда 12,4% көп, бұл – біздің клиникаға деген сенімнің артуының көрсеткіші.

·       Құралдармен жабдықталу 94,6% жетті. 2024 жылы біз 2,65 млрд теңге сомасына заманауи техника, оның ішінде пациенттер қауіпсіздігін айтарлықтай сақтайтын Xtra™аутотрансфузия аппаратын алдық.

·       Қаржылық тұрақтылық – кіріс 5 млрд теңгеден асты (13,7% өсу), таза пайда 90 млн теңгені құрады, ақшалай қаражат қалдығы – 539 млн теңге. Бұл біздің тұрақты түрде дамуымызға және жаңа технологиялар алуымызға мүмкіндік береді.

·       Қызметкерлердің еңбекақысының өсуі – дәрігерлердің орташа еңбек ақылары 570 мың теңгені құрайды, ал орта медициналық персоналдыкі 23% көтеріліп, 380 мың теңгеге жетті, кіші медициналық персоналда - 18,3% көтерілді (270 мың теңге). Біз команданың барлық мүшелері үшін лайықты жағдай жасаймыз.

·       Инновация және даму эфферентті емдеу тәсілдерін, органдарды сақтап қалу технологиясы (радикалды оталар санын екі есеге қысқарту), жаңа туған нәрестелерге арналған лазерлік офтальмологиялық хирургияны, сондай-ақ цифрлық медицина мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу (КМИС, LIS K-LAB, ПАКС).

Біз жетістіктеріміз үшін мақтанамыз, қызметкерлерімізге адал еңбегі, ал пациенттерімізге – сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз. 2025 жылы біз жаңа технологияларды дамытуды, енгізуді және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуды жалғастырамыз.

Бізді таңдағандарыңызға рахмет!