Сіз Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталық» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҚПО) сайтына кіріп отырсыз. Бұл жерде тікелей ҚПО-тың директорына, директордың орынбасарларына және бөлім меңгерушілеріне сұрақ қоя аласыздар. Өз сұрақтарыңызға жауапты жылдам алу үшін, сұрақтарыңызды нақты және толық қоюларыңызды сұраймыз. Сұрақ қоярдың алдында, жауабын сайт материалдарынан іздеп көру керек. Осындай сұрақ алдында қойылуы әбден мүмкін және қажетті ақпаратыңызды оңай таба аласыз. Сервисті пайдалану үшін, Сізге Келісімді қабылдау қажет. Барлық өтініштер бірден perinatal.almaty@mail.ru почтасына келеді және 1-ден 5 жұмыс күніне дейін қарастырылады. Жауаптар кіріс адресаттарына жеке жіберіледі.
Қатысу туралы Келісім.
Сіздің сұрақ қоюға мүмкіндігіңіз бар, бұл үшін толтыру кезінде өзіңіз туралы нақты деректерді көрсетуіңіз керек.
Төменде көрсетілген сұрақтар қарастырылмайды:
— Анонимді, кейбір жағдайларды қоспағанда.
— Сұрақ дөрекі түрде қойылмауы керек, балағат сөздерге жол берілмейді.
— Оқылмайтын мәтін мен түсініксіз қысқартулары бар мәтін.
— Сұрақ қойылып отырған адамның құзыретіне кірмейтін мәселені көтеру.
— Сұрақтың республикамыздың басқа ұйымдарына, сондай-ақ Республикалық ҒЗИ мен ҒИ қатысы болмауы керек.
— Жанжалды сипаты бар сұрақ авторы өзінің электронды мекен-жайын (e-mail) және телефон нөмірін көрсетуі тиіс.
Сұрақ этикалық стандарттар мен емле ережелеріне сәйкес модернизациядан өтуі мүмкін, тек содан кейін ғана жарияланады.
Сайт ережесі сақталмаған жағдайда, әкімшілік Сіздің өтінішіңізді деректер базасынан өшіріп тастауға құқылы және оған ешқандай жауап қайтарылмайды.
Егер біздің мамандардың жұмысына қатысты Сіздің ескертулеріңіз болса, сервисті жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды айту үшін төмендегі форманы толтырыңыздар.
- Байланыстар
