Әдеп кодексі - Қалалық Перинаталдық Орталығы
I бөлім. «Жалпы ережелер»

Медицина қызметкерлерінің әдеп кодексі медицина қызметкерлерінің білікті, қолжетімді және уақытында медициналық-профилактикалық көмек көрсетуі кезінде сақтауға ұсынылатын этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.

Осы Кодекс жеке тұлғаның құқығын, ар-намысын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар медицина қызметкерінің өз қызметі үшін қоғам алдындағы жоғары моральдық жауапкершілігін айқындайды.

1 бап. «Медициналық қызметкер» және «пациент» түсінігі

Медициналық қызметкер – жоғары немесе орта медициналық білімі бар, негізгі мамандығы бойынша сертификатқа ие бейінді маман.

Пациент — медициналық қызметті тұтынатын физикалық тұлға.

2 бап. Кәсіби қызметтің мақсаты

Медициналық қызметкердің кәсіби қызметінің мақсаты – адам өмірін сақтау, оның денсаулығын қорғау шараларын жүзеге асыру, медициналық-профилактикалық көмектің барлық түрлерінің сапасын жақсарту, сонымен қатар жазылмайтын аурулар кезінде зардап шегуді азайту болып табылады.

3 бап. Қызметтің негізгі ұстанымдары

Өз қызметінде медицина қызметкері ар-ұждан дауысын басшылыққа алады, гуманизм мен мейірімділік ұстанымдарын, этика жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабын, ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексін, Гиппократ антын, дәрігер антын және мейірбике антын басшылыққа алады.

Медицина қызметкері білімін үнемі жетілдіріп отыруға, сапалы көмек көрсетуге, қоғамда тазалықты сақтауға және теріс пиғылды тәжірибелердің алдын алуға міндетті.

4 бап. Медицина қызметкерлеріне жол берілмейтін әрекеттер

Білімі мен лауазымын теріс пайдалану оның кәсіби міндетімен үйлеспейді. Медициналық шараларды жеткілікті негізсіз пайдалануға, пациентке өз көзқарастарын таңуға немесе оны өзінің жеке мақсаттарында қолдануға жол берілмейді.

5 бап. Медицина қызметкерінің міндеті

Медицина қызметкері кәсіби тәуелсіздікті сақтауға және сырттан жасалатын қысымға төтеп бере отырып, пациенттің мүддесі үшін әрекет етуге міндетті.

II бөлім. «Медициналық қызметкер мен пациенттің өзара қарым-қатынасы»

6 бап. Пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу

Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, адамгершілік пен шыдамдылық танытуға міндетті.

7 бап. Мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысы кезінде пациенттің мүдделеріне басымдылық берілуі керек.

8 бап. Дәрігерлік құпия

Медицина қызметкері емдеу кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті және оны заңды негізсіз жария етуіне болмайды.

9 бап. Пациентті моральдық қолдау

Медицина қызметкері пациенттің рухани қажеттіліктеріне құрметпен қарай отырып, барлық қолжетімді құралдармен қасіретін жеңілдетуге міндетті.

10 бап. Медицина қызметкерін таңдау

Пациент дәрігерді таңдау құқығына ие. Медицина қызметкері бұған кедергі болмауы керек.

11 бап. Медициналық қызметтер көрсетуге ерікті келісім беру

Кез келген әрекет пациенттің ерікті келісімі арқылы жасалады.

12 бап. Сыйлықтар

Қызмет көрсетумен байланысты сыйлықтар немесе сыйақылар алуға жол берілмейді.

III бөлім. «Медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы»
Әріптестер арасындағы қарым-қатынас құрметке, адалдыққа және кәсібилікке негізделуі керек. Пациенттердің көзінше әріптестердің беделіне нұқсан келтіруге және теріс мәлімдеме жасауға жол берілмейді.

IV бөлім. «Әдеп кодексінің шектеулері, оны бұзғаны үшін жауапкершілік, оны қайта қарау тәртібі»

14 бар. Кодекстің әрекет ету шегі

Кодекс «Перинаталдық орталық» КМК-ның барлық медициналық қызметкерлері үшін міндетті.

15 бап. Кәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік

Кәсіби этиканы бұзу мекемеде комиссиямен қаралады. Құқықтық бұзушылықтар кезінде жауапкершілік заңмен қарастырылады.

16 бап. Кодексті қайта қарау және түсіндіру

Кодекстің өзгерістері мен түсіндірмелері арнайы құрылған комиссиямен қарастырылады.