Өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі адамдарға қатысты азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге жол беріледі…
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі
16 бөлім. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕПІЛДІКТЕРІ
94 бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету
- Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге:
- Өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі;
- Айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары бар;
- Ауыр психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар;
- Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты жол беріледі.
- Кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық көмекті және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған жағдайда медициналық көмек көрсету туралы шешімді — консилиум, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
- Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1 тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.
Сілтеме. 3 бапқа өзгерту енгізілді, ҚР 29.12.2010 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Заңымен.
