Қалалық Перинаталдық орталықтың Медициналық Кеңесімен 04.01.2012ж. Медициналық қызмет сапасы саласындағы пациенттер қауіпсіздігі жөніндегі саясат бекітілген. Бұл Қалалық Перинаталдық орталықтың медициналық қызметтер сапасын басқару және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы қызметін реттейтін негізгі құжат, сонымен қатар Қалалық Перинаталдық орталық пен оның медициналық орталықтарының осы саладағы актілерді, бағдарламаларды, нұсқаулықтарды және басқа да құжаттарды әзірлеуіне негіз болып табылады.
Сапа саласындағы саясаттың мақсаты
Халықаралық стандарттарға сәйкес қолжетімді, қауіпсіз және жоғары сапалы медициналық көмек алуға пациенттердің конституциялық құқықтарын жүзеге асыру.
Сапа саласының міндеттері
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Үкіметтің, Алматы қ. Әкімдігінің Денсаулық сақтау министрілігінің негізгі бағдарламалық құжаттарын іске асыруға көмектесу;
- Пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан Қалалық Перинаталдық орталықтың даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру;
- Алматы қ. мен ҚР босандыру қызметі үшін жоғары сапалы медициналық қызметтерді ұсынуда көшбасшы болу тұрғысынан Қалалық Перинаталдық орталықтың даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру.
Сапа саласының қағидаттары
Бұл Саясаттың қағидаттары Қалалық Перинаталдық орталықтың жұмысы көрсетілетін медициналық көмектің сапасына және пациенттердің қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қызметкерлерінің іс-әрекеттерін басшылыққа алу болып табылады.
Бұл қағидаттарға:
- Пациенттердің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға назар аудару;
- Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталу;
- Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен дәрігерлік және басқа да қателіктерді болдырмау;
- Әрбір қызметкерді сапаны және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз жақсарту әрекетіне қатысуға ынталандыру;
- Медициналық қызмет сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешуге деген жүйелі тәсіл жатады.
Сапа саясатын жүзеге асыру бағыттары
- Медициналық қызмет көрсету және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында сапа стандарттарын жасау және енгізу;
- Пациенттің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыратын пациентке бағытталған күтім қағидаттарын енгізу;
- Медициналық қызмет сапасын басқару процестеріне заманауи ақпараттық, аналитикалық және басқа технологиялар мен тәсілдерді енгізу;
- Медициналық қызмет сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін жоғарылатуға ықпал ететін ұйымдық мәдениетті қалыптастыру үшін қызметкерлерді ынталандыру механизмдерін жасау және енгізу;
- Қызметкерлерді медициналық қызмет сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық аспектілерге оқыту.
ҰӘЖ жөніндегі директордың орынбасары: Ербулатова С.Т.
Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасауды бастау туралы хабарлама
Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» КМК Директорының 2024 жылғы 17 шілдедегі №155-Н/Қ бұйрығына сәйке, 2024 жылғы 01 тамыздан 2024 жылғы 31 тамыз аралығында төмендегі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық қауіптеріне қарсы ішкі талдау жүргізіледі:
- Орталықтың мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау;
- Орталықтың ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау;
- Орталық персоналын басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау;
- Орталықтың қақтығыстар мүддесімен байланысты жемқорлық қаупін анықтау.
Жоспарланып отырған шара бойынша ұсыныстар мен түсіндірмелер 01.08.2024 жылға дейін: a.ibraeva0771@gmail.com электронды поштасына немесе Алматы қ. Жұбанов к, 11, 1 қабат, заң кабинетіне қабылданады, тел.:
