Пациенттің осы Кодекстің 88 бабында көрсетілген құқықтарынан басқа: профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне құқылы…
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары
- Қазақстан Республикасының азаматтарының:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, сонымен қатар уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарды амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәр-дәрмектермен, мамандандырылған медициналық өнімдермен қамтамасыз етілуге;
3) медициналық ұйымды, сапалы және уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;
5) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелде медициналық көмек алуға;
6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы дұрыс пайдаланбауы салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге;
7) еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;
8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;
9) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
11) мемлекеттік медицина сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды тарту арқылы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;
12) қайтыс болғаннан кейін трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға ерік білдіруге;. - Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар. Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;
2) әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс уақытының режимі, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдардың жынысын ауыстыруына құқығы бар. Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Бас бостандығы шектелген азаматтарға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру органдарында сот жазасын өтеп жатқан немесе арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісім бойынша қылмыстық-атқару жүйесі белгілейтін тәртіпте көрсетіледі. Бұл адамдар медициналық көмек алған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда аталған барлық құқықтарын пайдаланады. - Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
5-1. Босқындардың, сонымен қатар баспана іздеген адамдардың айтарлықтай тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдеу медициналық қызметтерін уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша алуға құқығы бар.
Пациенттердің құқықтары
1. Пациенттің осы Кодекстің 88 бабында көрсетілген құқықтардан басқа:
1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке;
3) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерді немесе медициналық көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;
3-1) медициналық ұйымда аудио және/немесе бейнебақылау және жазба жүргізілетіні туралы құлақтандырылуына;
4) отбасы, туыстары және достары, сонымен қатар діни қоғамдастықтардың қызметкерлерінен қолдау көрсетілуіне;
5) медициналық технологиялардың қолда бар деңгейін қаншалықты мүмкіндігі болса, сондай шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;
6) өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат және тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізілуіне;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
- Пациент өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы көрсетілетін қызметтердің құны, сонымен қатар олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады.
Медициналық ұйымға келгенде өзіне медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлерінің аты-жөні, кәсіби статусы, сонымен қатар медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелері туралы ақпарат алуға құқылы.
3. Медициналық көмек медициналық көмек алуға пациенттің хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің хабардар етілген келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
4. Медициналық көмек алу кезінде пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат, оның ішінде пациентке қол жетімді нысанда ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелі мен артықшылықтар туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, диагноз, емдік шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерінің түсіндірмесін алуға міндетті.
5. Пациент денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпаратты алудан бас тартуы жазбаша түрде ресімделіп, медициналық құжаттамаға енгізіледі.
6. Денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат пациенттен оның денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып, жасырылуы және пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін. .
7. Денсаулық сақтау саласындағы клиникалық базалар ұйымдарының жағдайында медициналық көмек алатын пациенттер оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық емшаралардың жүргізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы.
8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Қараңыз: 2014 жылғы 28 мамырдағы № 4 «Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің сотқа жүгінуіне байланысты Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қарағанды облыстық сотының ақпараттық хаты.
9. Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы. - Некеге отыратын азаматтар медициналық және медициналық-генетикалық тексерулер алуға құқылы.
Балалардың құқықтары
1. Әрбір бала:
1) денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы және тиімді көрсетілетін қызметтері мен ауруларды емдеу және денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;
2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық тексерулерге, динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға құқылы.
- Стационар жағдайында емделу кезінде:
1) үш жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға медициналық ұйымда онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы да беріледі;
2) бір жасқа дейін баласын емізетін ана медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған бүкіл кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. - Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында медициналық көмек, оңалту көмегін алу кезінде стационар, оңалту орталығы, шипажай жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы бар.
Балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ойындар, демалыс және тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағдайлар жасайды.
- Мүмкіндіктері шектеулі, АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.
АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және өзге де денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында болуға құқығы бар.
- Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
Азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың міндеттері
1. Азаматтар міндетті:
1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
1-1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;
2) денсаулық сақтау ұйымдарындағы әрекет етуші тәртіпті сақтауға;
3) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге;
4) медицина қызметкерлерінің, органдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты тағайындауларын орындауға;
5) өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де ауруларының өздерінде бар екендігі туралы хабардар етуге. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтары зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі. 6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.
- Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін медициналық есепке тұруға міндетті.
- Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді атқарады.
- Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес:
1) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы сапасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындауға;
3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар болған жағдайларда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақытылы ақпарат беруге;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға уақтылы ақпарат беруге;
7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру қаупі бар қызмет көрсету саласының тобына жататын жұмыскерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімнің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеуді жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;
9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері анықтаған инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды бар адамдарды жұмыстан шеттетуге;
10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталған кезде оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
11) ҚР 15.07.11 ж. № 461-IV Заңына сәйкес жойылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін алты айдан кейін күшіне енді) (ескі ред.қара);
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
13) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, оларды тоқтата тұруға;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
15) эпидемиологиялық көрсетілімдер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге;
16) өздері шығаратын дәрілік заттар туралы толық және дұрыс ақпарат беруге;
17) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.
Пациенттердің міндеттері
1. Пациент осы Кодекстің 90 бабында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;
3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;
4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;
5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар мен оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
- Пациенттердің осы баптың 1 тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттері стационарда ауру балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі 360-VI ҚРЗ Кодексі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
