Босану кезінде серіктес…. Керек пе?
Босану кезінде әйеліңнің жай ғана қасында болып әке бола алмайсың. Соңғы кездерде серіктес ретіндегі әкенің рөлі белсендірек болуда және көптеген әйелдер ер адамының баланың өмірге келген сәтінде қасында болуы оның жақсы әке болуының кепілдігі немесе ол бала мен әкенің арасында мықты байланыс орнату үшін қажет дегенге сенуде.
Босану кезінде әйеліңнің жай ғана қасында болып әке бола алмайсың. Соңғы кездерде серіктес ретіндегі әкенің рөлі белсендірек болуда және көптеген әйелдер ер адамының баланың өмірге келген сәтінде қасында болуы оның жақсы әке болуының кепілдігі немесе ол бала мен әкенің арасында мықты байланыс орнату үшін қажет дегенге сенуде.
Өз-өзіңмен бол.
Жай ғана. Қасында бол. Оны сүй және қолда. Мүмкін, жай ғана қолынан ұстап, басынан сипарсың. Жай ғана оның қасында бол. Өзіңмен бол. Егер сендер үнемі бір-біріңді құшақтап, сипап жүрсеңдер, бұл босану кезінде де орынды болары сөзсіз. Ал егер бұл сендердің табиғаттарыңа жат нәрсе болса, босану кезінде бірден әдеттерің мен құндылықтарың өзгеріп кетеді деп күтпе. Бізге көбіне серіктестің не істеуі керектігі НАҚТЫ көрсетіледі: ыңғайы, массажы, компресс және т.б. Шындығына келгенде, бұл жерде нақты ережелер мен нұсқаулар жоқ, себебі біз бәріміз әртүрліміз. Барлық ұсыныстар мен нұсқауларды қайталауға тырысу, одан ары күйзеліске түсіруі мүмкін, ал шын мәнінде оған сенен тек моральдық қолдау ғана қажет болуы мүмкін. Бұндай жағдайда қолыңыздан келетін нәрседен артық нәрсе жасаймын деп әуре болмаңыз. Ол үшін көп нәрсе істеп жатырсыз, жай ғана қасында болғаныңыздың өзі көмек.
Баланың өмірге келуіне дайындалуда әкелерге арналған қосымша кеңестер
- Сәбиіңіз дүниеге келген сәтте, медициналық орта туралы немесе осының барлығын бейнеге түсіру жайлы ойламаңыз. Назарыңызды баланың өмір есігін ашатын сәтіне аударыңыз, нәрестеге, оның көздеріне, қолдарына, шашына қараңыз;
- Туылмай тұрып бала қараңғы, тыныш, ылғалды және жылы жерде жатады. Ал туылғанда ол айтарлықтай құрғақ, салқын, жарық және көп дыбыстар шығатын ортаға тап болады. Оны анасының кеудесіне жатқызған сәтте, үстіне жылы төсеніш жауып, түсіп тұрған жарықты азайтып, ақырын сөйлеуге тырысыңыз. Баланың абайлап арқасынан сипаудан қорықпаңыз;
- Сәби дүниеге келгеннен кейін, оның анасына да сіздің назарыңыз, қолдауыңыз бен махаббатыңыз қажет. Әдетте, барлығы нәрестені айланып-толғанып, бір сәтте анасы өзін ұмыт қалғандай сезінуі мүмкін, міне, тура осы кезде оларды құттықтап, қолдаған маңызды, өйткені ол айтарлықтай маңызды нәрсеге қол жеткізді, өздерін толығымен және жан-тәнімен арнады, оларға құрмет көрсету артық емес. Сүйінші сұрау үшін туысқандарыңызға хабарласуға асықпаңыз, одан да ана болған әйеліңіздің қасында ұзағырақ болыңыз, оның жаймен қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз, қалауларын құрметтеңіз және қолыңыздан келгенше қолдау көрсетіңіз. Бұл оның аналық тәжірибесін жақсы жағынан бастауға мүмкіндік береді;
- Кей кездері, босанғаннан кейін, әйел дірілдеуі мүмкін. Қорықпаңыз, бұл қалыпты жағдай, егер бұл оны мазалап жатса, мұндай жағдайдың жылдам өтіп кететін есіне салыңыз. Құшақтаңыз, тыныштандырыңыз, егер жаураса, жылы көрпе жабыңыз, жылынуына көмектесіңіз. Су немесе шырын ұсыныңыз;
- Баланы тексеріп, салмағын өлшеп және басқа да қажетті процедураларды жасап жатқан кезде, оның қасында бола аласыз. Нақты не жасалып жатқанын, қандай препараттар қолданылып жатқанын және не үшін пайдаланылатынын сұрауға құқылысыз және сізге бұл туралы ақпарат берілуі тиіс. Әке ретінде Сіз балаңыздың мүдделерінің ресми өкілі екеніңізді ұмытпаңыз.
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Босану кезінде серіктес…. Керек пе?
