
Ұлттық киім – бұл тек сән емес, бұл – халқымыздың тарихы, мәдениеті мен рухының көрінісі. Әрбір ою-өрнек, әрбір бөлшек ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүр мен құндылықтарды бейнелейді.
Бүгінгі күні біз ұлттық киім арқылы өз тамырымызды, болмысымызды сезінеміз және оны келер ұрпаққа жеткіземіз.
Қалалық перинаталдық орталық ұжымы үшін де бұл күн – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мәдени мұраны құрметтеудің тағы бір мүмкіндігі.
🤍 Ана мен бала – ұлттың болашағы. Ал ұлттық құндылықтарды сақтау – сол болашақтың берік негізі.
Ұлттық киім күні құтты болсын!
Әр шаңыраққа амандық, әр анаға қуаныш тілейміз 💫
