Нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі
Нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі Қалалық перинаталдық орталықтың басты бөлімшелерінің қатарына кіреді, сонымен қатар жаңа және шала туған, оның ішінде салмақтары өте аз нәрестелерге білікті көмек көрсетуге арналған бөлім.
Біздің дәрігерлер: Әлмұрза АзатЕргалиұлы, Алдашева Фариза Серикбаевна – Аға мейірбике
Нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінде төмендегі қызметтер жүзеге асырылады:
- салмағы 500 гр. асып туылған шала туған нәрестелерді емдеу және күту;
- тыныс алу органдарының, орталық жүйке жүйесінің патологиялары, көптеген туа біткен даму кезеңінің ауытқулары, инфекциялық-асқынған сырқаттары, зат алмасуының ауытқу синдромдары бар уақытына жетіп туылған нәрестелерді емдеу;
- гемолиздік аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын нәрестелерді емдеу;
- ауыр жағдайдағы жаңа және шала туған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия көмектерін көрсету (өкпені жасанды желдету, парентералды тамақтандыру, инфузиялық терапия және т.б. жасау).
Көп салалы стационарда жақсы жабдықталған балалар реанимациясы бөлімшесінің болуы шала туылған немесе ауыр асфиксия, мидағы қан айналымының бұзылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі және басқа да патологиялары бар нәрестелерге реанимациялық шаралар қажет болған кезде оларға күтім жасауды жеңілдетеді.
Бөлімше шала туған балаларға қарқынды терапия жасау, күту және емдеуге арналған қажетті заманауи медициналық аппаратурамен жабдықталған:
- қажетті температуралық тәртіпті қамтамасыз ететін қарқынды терапия инкубаторлары;
- оттегімен, үзақ тамыр ішілік құю үшін инфузоматтармен қамтамасыз ету;
- фототерапияға арналған шамдар;
- жаңа туған нәрестенің негізгі өмірлік қызметтерін бақылауға мүмкіндік беретін кереует жанына қоятын портативті мониторлар;
- рентгенге түсіретін және ультрабыстық диагностика жасайтын қозғалмалы аппаратар.
Тәулік бойы жұмыс жасайтын жедел зертхана бар.
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі
