Нәрестелерге мамандандырылған күтім көрсету бөлімшесі (НМКБ) - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Нәрестелерге мамандандырылған күтім көрсету бөлімшесі (НМКБ)

Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығында нәрестелерге мамандандырылған күтім көрсету бөлімшесі (НМКБ) жұмыс істейді, бұл жерде нәрестелер өмірінің алғашқы күнінен бастап мамандандырылған көмек алады.

Мұнда үлкен көңіл бөлуді, сондай-ақ медициналық араласуды қажет ететін нәрестелерге қамқорлық таныту үшін барлық жағдай жасалған.

Бөлімше дәрігерлері уақытылы көңіл бөліп, нәрестелердің жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін диагностика мен терапияның заманауи тәсілдерін қолданады. Неонатология саласындағы тәжірибелі дәрігер Самуйлова Татьяна Васильевна бөлімшені басқарып отыр. Нәрестелерге күтім көрсету мен күнделікті бақылауды ұйымдастыруға аға мейірбике Утебаева Бота Болатовна жетекшілік етеді.

НМКБ командасы қамқорлық пен қауіпсіздік атмосферасын жасай отырып, әр баланың жеке қажеттіліктеріне аса назар аударады. Мамандардың бірлесе жұмыс жасауы мен заманауи жабдықтардың арқасында нәрестелер білікті көмек алса, ата-аналары – сенімділік пен тыныштықта болады.

Бөлімшеде қолданылатын диагностикалық және емдеу технологиялары:
  • тіршілік функцияларының тәуліктік мониторингі;
  • температура мен ылғалдылықты бақылайтын жүйелермен жабдықталған қарқынды терапия инкубаторларында нәрестеге күтім көрсету;
  •  эхография;
  • нәрестелерді ерте оңалту.

Жаңа туған нәрестелердің ауыр жағдайларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін пайдалану гипербилирубинемия, түрлі генездік жүйке жүйелері зақымданған, алмасу процестерінің түрлі ауытқулары, жатыр ішілік инфекциялармен ауыратын нәрестелерге күтім көрсетуде айтарлықтай табысқа жетуге мүмкіндік берді.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Нәрестелерге мамандандырылған күтім көрсету бөлімшесі (НМКБ)