Тәуелділігі жоғары нәрестелер бөлімшесі (ТЖНБ)
Тәуелділігі жоғары нәрестелер бөлімшесі Қалалық перинаталдық орталықтың басты бөлімшелерінің қатарына кіреді, сонымен қатар жаңа және шала туған, оның ішінде салмақтары өте аз нәрестелерге білікті көмек көрсетуге арналған бөлім.
Біздің дәрігерлер: Баймаханова Мадина Адельевна, Жахина Бибигуль Нургазыновна – Аға мейірбике
Бөлімше қарқынды терапия бөлігінен және «Ана мен бала» бірге болатын палаталардан тұрады.
Өз бейініне қарай бөлімше заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған:
- қарқынды терапия инкубаторлары;
- тіршіліктің негізгі параметрлерін көрсетіп тұратын аппараттар;
- қарқынды терапия инкубаторлары тәртібінің температурасы мен оттегін ұстап тұратын ашық реанимациялық жүйелер;
- әртүрлі фототерапия жасауға арналған жүйелер;
- ЭКГ аппаратурасы және УДЗ диагностикасының аппаратурасы.
Бөлімшеде қолданылатын диагностикалық және емдеу технологиялары:
- тіршілік функцияларының тәуліктік мониторингі;
- температура мен ылғалдылықты бақылайтын жүйелермен жабдықталған қарқынды терапия инкубаторларында нәрестеге күтім көрсету;
- эхография;
- нәрестелерді ерте оңалту.
Жаңа туған нәрестелердің ауыр жағдайларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін пайдалану гипербилирубинемия, түрлі генездік жүйке жүйелері зақымданған, алмасу процестерінің түрлі ауытқулары, жатыр ішілік инфекциялармен ауыратын нәрестелерге күтім көрсетуде айтарлықтай табысқа жетуге мүмкіндік берді.
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Тәуелділігі жоғары нәрестелер бөлімшесі (ТЖНБ)
