Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі түрлі патологиямен түскен жүкті әйелдерге тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді. Біздің бөлімшеде 50 орын қарастырылған, екі-үш орындық жайлы палаталардан тұрады, олар болашақ аналардың жақсылап орналасуы үшін барлық қажетті заттармен қамтылған.

Біздің дәрігерлер: Толқынбек Ақмарал Жұмабекқызы, Нусупова Сауле Орысбековна – аға акушер.

Жыл сайын осы жерде түрлі акушерлік және соматикалық патологиялары бар 2000-дай жүкті әйел емдеу мен тексеруден өтеді.

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі жұмысының басты бағыттары төмендегілер болып табылады:
  • жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, «Жоғары қауіп» тобындағы жүкті әйелдерді перзентханаға жатқызу және босандыру үшін іріктеу;
  • ана мен баланы қорғау ісінде қаладағы әйелдер кеңесінің жұмысындағы сабақтастықты және өзара байланысты қамтамасыз ету;
  • жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасының деңгейін талдау;
  • ұрықты антенаталды қорғау «жоғарғы қаупі» тобындағы жүкті әйелдерді тиімді босандыру бойынша емдеу шараларын енгізу.

Бөлімшеде төмендегілер жүзеге асырылады:
  • жүктілікті тоқтату қаупі бар асқынған жүктілікті жүргізу;
  • әртүрлі дәрежедегі гестозбен ауыратын пациенттердегі жүктілікті жүргізу;
  • Rh- және ABO- сенсибилизация кезіндегі жүктілікті жүргізу және босандыруға дайындау;
  • көп ұрықты жүктілікті жүргізу;
  • экстракорпоральдық ұрықтандырудан кейін болған жүктілікті жүргізу;
  • кесарь тілігі арқылы отадан кейін жатырында тілігі бар жүктілікті жүргізу;
  • плацентаның бөлініп кетуі жағдайында жүктілікті жүргізу;
  • ұрық дұрыс жатпаған кезде жүктілікті жүргізу;
  • ұрықтың жатыр ішіндегі дамуының тежелуі кезіндегі жүктілікті жүргізу, судың аз не көп болуы;
  • түрлі этиологиядағы анемия кезінде жүктілікті жүргізу;
  • диагностиканың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, жүкті әйелді, ұрықтың жатыр ішілік жағдайын бақылау;
  • экстрегенитальдық патологияны кешенді емдеу;
  • жүктілік бойынша жүкті әйелдерге кеңес беру;
  • жеке бағдарлама бойынша индуциялық босандыруға дайындау.

Сонымен қатар біздің бөлімшеде:
  • ауру барысын түзеу және емдеу, кейін жоспарлы босану, оның ішінде ота арқылы (кесарь тілігі) босану мәселесін шешу үшін босану алдында жүкті әйелді перзентханаға жатқызу бойынша нұсқаулықтар беру;
  •    босану тәсілдері мен уақыты туралы мәселелерді шешу үшін жүкті әйелді босану алдында перзентханаға жатқызу; босану жолдарын дайындау әрекеттері өткізіледі.

ШЖҚ «Қалалық перианаталдық орталық» КМК құрамына кірмейтін мамандар кеңесін алуды қажет ететін жағдайлар туындағанда, біз арнайы патологиялар мамандарын басқа емдеу мекемелерінен шақыртамыз. Бұл біздің перинаталдық орталық жағдайында кез-келген экстрагениталдық патологиясы бар пациенттің жүктілігін жүргізуге мүмкіндік береді. Ана болуға дайындалып жүрген әйелдер ерекше күтімді қажет етеді. Сол себепті өздерін жайлы, үйдегідей сезіну үшін айтарлықтай жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Жүкті әйелдерді емдеу тәуліктік стационарда жүргізіледі, бұл жерде біздің қызметкерлердің қамқорлығы арқасында босаңсу мен рахаттану атмосферасы жасалған. Күнделікті жоғары сапалы тамақ, процедуралар, емдеу тиімділігін арттырып, ең бастысы - іштегі нәрестеге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жауапты қызметкерлеріміз сіз үшін нағыз отбасы мүшеңізге айналады, олар кез-келген жағдайда көмекке келеді; жоғарғы білікті дәрігерлер үнемі сіздің денсаулығыңызды бақылап, емдеудің барлық сатыларында қай препаратты, қандай мақсатта тағайындайтындарын түсіндіріп отырады.

Егер сіз жақындарыңызды сағынсаңыз -бұл мәселені де шешуге болады: туыстарыңыздың сізге келіп тұруына болады.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі