Босандыру Бөлімшесі - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Босандыру Бөлімшесі

Босандыру бөлімшесі босанушыларға тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді

Біздің дәрігерлер Шатаева Айжан Мухитовна, Мухабаева Майра Қанайбекқызы - аға акушер.

Босандыру бөлімшесі жаңа заманауи, мамандандырылған аппараттармен жабдықталған және жеке босану, ана мен нәрестенің өздерін жайлы сезінулері үшін ыңғайлы, жарық, кең палаталардан тұрады. Босандыру палаталарында босану барысында әйел өзін ыңғайлы сезіну үшін трансформер төсектер қойылған.

Бөлімше дәрігерлері жүзеге асырып жатқан медициналық қызметтердің ауқымы кең – ол табиғи жолмен босандырудан бастап, кесарь тілігі арқылы ота жасауға дейін, жаңа туған нәрестені және босанғаннан кейінгі кезеңде ананы күтуге дейінгі кезең. «Дені сау ана -дені сау бала» ұстанымын енгізу күнделікті өмірде нәтижесін көрсетіп келеді: бөлімшеде ізденімпаздық пен жаңашылдық рухы бар. Кәсіби дайындық пен біліктілікті жоғарылату курстары перзентханада әр қызметкердің кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы емдеу мекемесінің дамуына қосатын үлкен үлес ретінде қарастырылады.

Босандыру бөлімшесінің жұмыс тәртібі – тәулік бойы.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Босандыру Бөлімшесі