№2 акушерлік бөлімше - Қалалық Перинаталдық Орталығы

№2 акушерлік бөлімше

№ 2 акушерлік бөлімше палатадағы ана мен баланың ерекше жайлы орында бірге болуына есептелген.

Біздің дәрігерлер: Кайранбаева Роза Шенгелбаевна, Нусипова Айгуль Естаевна - аға акушер.

Барлық палаталар баланы орауға арналған үстелдермен, зат сақтайтын тумбалармен және жаңа төсектермен жабдықталған.

Ана мен жаңа туған нәрестенің бөлімшеде бірге болуы мамандардың үнемі бақылауын және кәсіби күтімді, дұрыс тамақтану тәртібі мен баланы емізу үшін анасының уызын толықтай беруді қамтамасыз етеді. Бұл жаңа туған нәресте ағзасын анасының микрофлорасымен жылдам толтыруға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде баланың иммунитетін айтарлықтай күшейтіп, ауыру қаупін төмендетеді.

Әйел бұл бөлімшеге босанғаннан кейін 2 сағаттан соң түседі. Оны кезекші акушер қарсы алады. Босанған әйелді төсек-орны жайылған палатаға әкеліп жатқызады және бұл кезде киім-кешектерін де әкеліп қояды. Акушер артериялық қысымын өлшейді, сүт бездерінің, тігісінің (бар болса) күтімі және дәрігердің тағайындауы туралы айтады. Балалар мейірбикесі нәрестенің киімін ауыстырып, жаңа босанған анаға нәрестеге қалай қарау керектігін үйретеді. 4 сағаттан кейін кіші мейірбикелер жаңа босанған ананың жуынып алуына көмектеседі, қажеттілік болса тамақтандырады. Бөлімшеде болған уақыт ішінде босанған әйелге теңгерімді және үйдегідей дәмді ыстық тамақ 3 рет беріледі. Күнде таңертең акушер-гинеколог дәрігер мен дәрігер неонатологтің тексеруі жүргізіледі. Босанғаннан кейін екінші тәулікте ультрадыбыстық зерттеу тағайындалады. Акушер-гинеколог дәрігер үйге шығатын күні креслода тексереді.

Физиологиялық босанған әйелдер 3-ші тәулікте және кесарь тілігімен босанғандар 5-ші тәулікте үйге шығарылады. Үйге шығатын күні балалар поликлиникасына арналған анықтама, әйелдер кеңесіне арналған анықтама және үй жағдайында нәрестені күту нұсқаулығы беріледі.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

№2 акушерлік бөлімше