Ота жасау бөлімшесі
Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығының ота жасау бөлімшесі заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және қауіпсіздіктің жоғарғы стандарттарына сәйкес. Бұл жерде ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуға бағытталған жоспарлы және жедел түрдегі оталар жасалады.
Біздің дәрігерлер: Садуева Куралай Абдикеримовна, Отельбаева Алия Шахарбаевна – Аға мейірбике
Бөлімшеде әрбір отаға кешенді және кәсіби түрде қарайтын тәжірибелі хирург, акушер-гинеколог және анестезиолог дәрігерлер жұмыс істейді. Пациентті дайындауға, ота кезіндегі бақылауға және отадан кейінгі сапалы күтімге аса назар аударылады.
Біз анестезияның заманауи тәсілдері мен асептиканың қатал ережелерін сақтай отырып, хирургиялық процедураларға, соның ішінде кесарь тілігі арқылы жасалынатын ота үшін барлық жағдайды жасаймыз.
Мамандардың бірлескен жұмыстарының арқасында әйелдер білікті көмек алса, нәрестелер ең жоғарғы қамқорлық пен қауіпсіздік орнаған жағдайда өмір есігін ашуда.
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Ота жасау бөлімшесі
