Ересектерге арналған анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Ересектерге арналған анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

Бөлімше Қалалық перинаталдық орталықтың 3-ші қабатында орналасқан. Сол қабатта ота жасау бөлімшесі жұмыс істейді.

Әрбір орын: электр желісі бар функционалдық төсекпен, дәрілік заттарға арналған құрылғылармен, төсектің қасындағы мониторлармен жабдықталған.

Біздің дәрігерлер: Умаров Алишер Джурабаевич, Касенова Динара Ертайкызы – Аға мейірбике.

Барлық палаталар жаңа наркоздық-тыныс алу аппараттарымен және мониторлық жүйелермен, медициналық препараттарды егуге арналған құрылғылармен, медициналық газды орталықтан жіберу жүйелерімен жабдықталған.

Ешбір заманауи перинаталдық орталық анестезиология және реанимация қызметінсіз жұмыс істей алмайды.

Біздің бөлімшеде тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қызмет атқарады. Барлығының жоғарғы біліктілік категориялары бар, жалпы, аймақтық және үйлесімді анестезияның түрлерін меңгерген, отадан кейінгі оңалту әдістерін, акушерлік және жалпы терапиялық практикада қолданылатын қарқынды терапия мен реанимация амалдарын біледі.

Анестезист мейірбикелер мен палата мейірбикелерінің үлкен өмірлік тәжірибелері бар, бұл өз кезегінде олардың өз жұмыстарына кәсібилікпен қарауларына, сонымен қатар пациенттер үшін жайлы және шын пейілді жағдай жасауларына мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің үлкен практикалық тәжірибесі, заманауи жабдықтардың және дәрілік препараттардың болуы кез-келген күрделі ота түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Анестезияның қауіпсіз және жаңа тәсілдері кеңінен қолданылады (соның ішінде ұзартылған эпидуралдық анестезия). Кесарь тілігімен жасалатын оталардың көбісі аймақтық анестезия (жұлындық, эпидуралды, үйлесімді жұлындық-эпидуралдық анестезия) арқылы жасалады, бұл әйелдердің босану процесінің белсенді қатысушысы болуға және бала өмірінің бірінші минутында оларды көруге мүмкіндік береді.

Әрбір босануға анестезияның тиімді әдісі таңдалып алынады. Дәрілік заттарды көтере алуы, қосымша ауруларының болуы, әйел мен баланың жалпы жағдайының деңгейі ескеріледі. Әр әйел үшін пайдаланылатын барлық құралдар мен материалдар бір-ақ рет қолданылады. Біз тек әйелдің ғана емес, сонымен бірге баланың да денсаулығы үшін жауапты екенімізді түсінеміз.

Бөлімшенің басты бағыттары – акушерлікте қолданылатын аймақтық анестезия мен қан тоқтату технологияларының тәсілдерін жетілдіру, гестоздың ауыр түрінің кешенді терапиясы, акушерлік қан кетуді емдеу болып табылады.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Ересектерге арналған анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі