Миссия
Пациенттер үшін ең қолайлы жағдай жасай келе, халықаралық кәсіби және этикалық стандарттардың талаптарына сәйкес тиімді перинаталдық технологияларды, жоғары технологиялық жабдықтарды және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолданып, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру арқылы «Ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, біз ұлттың салауатты болашағын жасаймыз».
Қызметтің негізгі мақсаты
Ана болу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, сау және бақытты балалық шаққа дайын баланың аман-есен дүниеге келуі.
Көзқарас
Ғылыми дәлелдерге негізделген жоғары сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ететін , сонымен бірге қолжетімділікті және экономикалық тұрақтылықты тиімді пайдалануды арттыратын, отбасылық бағдарланған, құпиялылық және әйелдер мен олардың отбасыларының мәдениетіне, сенімдеріне және эмоцияларына құрметпен қарайтын денсаулық сақтау қызметтерін ұсынудың тиімді жүйесін әзірлеу.
Бірлескен құндылықтар
Біздің пациенттердің Өмірі мен Денсаулығы, Сенім, Топ, Мәдениет, Құрмет, Жетілу.
Сапалы менеджмент ұстанымдары (ISO 9001)
- Пациентке бағдарлану – пациенттердің талаптарын орындау және үміттерін ақтау, олардың разылығын жоғарылату;
- Мейірімділік – бәсекелес бағалар бойынша жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әр пациенттің қажеттілігін бағалау;
- Құрмет – пациенттердің, қызметкерлердің және лауазымдық тұлғалардың намысы мен өздерін құрметтеу;
- Тұтастық – ұстанымдар мен жоғары стандарттарды сақтау, сенім мен әдептілік;
- Алқалық – өзара сыйластық, серіктестік және өзін-өзі тексеру;
- Ашықтық– шыншылдық, әдептілік, жаңа идеялар мен әдістерге ашықтық;
- Кәсібилік – пациент пен ұжым үшін жоғары нәтижеге талпыну;
- Клиникалармен және халықаралық ұйымдармен (ВОЗ, UNFPA, UNICEF) серіктестік орнату;
- Жақсы имиджді және қоғамдағы абыройды дамыту;
- Сапа мақсатына жету үшін ресурстарды тиімді пайдалану.
Басшылықтың жауапкершілігі
Жоғары басшылық Сапа саясатын енгізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ISO 9001 стандарттарын сақтау және медициналық ұйымдарды аккредиттеу, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
Басты мақсаттар
- 2020–2025 жылдарға Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарын дамыту.
- Ана болу қауіпсіздігі мен репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларын дамыту.
- Жүкті әйелдерге, босанушы әйелдерге және нәрестелерге қолжетімді және сапалы мамандандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
- Жоғары технологиялық және консультативтік-диагностикалық медициналық көмек түрлерін көрсету.
- Медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін үнемі жоғарылатып отыру. Денсаулық сақтаудың халықаралық және ұлттық стандарттарын енгізу.
- Профилактика, диагностика және емдеудің инновациялық технологияларын қолдану.
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдармен және ғылыми орталықтармен сабақтастық.
- Ішкі бақылауды және клиникалық аудит жүйелерін дамыту.
- Қызметкерлерді ынталандыру мен пациенттерді қанағаттандыруды жоғарылату.
- Медициналық персоналдың кәсіби дайындығын және біліктілігін жоғарылату.
- Материалдық-техникалық базаны нығайту және жабдықтарды тиімді пайдалану.
- Ақылы медициналық қызметтерді дамыту.
- Пациенттер мен қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Біздің сенімдеріміз
Біз өзіміздің негізгі мақсаттарымыз бен міндеттеріміз адамдарға және қоғамға қызмет етуге бағытталғанына сенімдіміз.
Біз барлық әрекеттеріміз үшін жауапты екенімізге сенімдіміз.
Біз идеяларымыздың нақты және тиімді жүзеге асырылуына және қызмет көрсететін қауымдастықтың игілігі үшін берік және тұрақты серіктестерді дамытуға сенеміз.
