ҚПО-ғы ана сүтімен емізуді қорғау, насихаттау және қолдау саясаты - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Ана сүтімен емізу нәрестенің тиімді өсуін, физикалық және ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін бірегей процесс, ол иммундық жүйенің қалыптасуын жақсартады, ана денсаулығын сақтайды, дұрыс тамақтануды қамтамасыз ететін айтарлықтай арзан  және қауіпсіз тәсіл болып табылады.

Алматы қ. ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» КМК-да  ана сүтімен емізуді қорғау, насихаттау және қолдау саясаты.

Ана сүтімен емізу нәрестенің тиімді өсуін, физикалық және ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін бірегей процесс, ол иммундық жүйенің қалыптасуын жақсартады, ана денсаулығын сақтайды, дұрыс тамақтануды қамтамасыз ететін айтарлықтай арзан  және қауіпсіз тәсіл болып табылады.

Саясат мақсаты – Перинаталдық орталықта (ҚПО) ана сүтімен емізу пайызын 94%-ға дейін көтеру жолымен нәрестелер өлімін және ауруын төмендету.

Тапсырмалар:

  • Аталған Саясаттың бекітілген ережелерін қатаң сақтау және осы ережелерді ҚПО-тың бүкіл медициналық персоналына, жүкті әйелдерге, емізетін аналарға және стационар босанушыларына  үнемі жеткізіп отыру. Аталған Саясат мәтіні екі тілде (қазақ, орыс) көрінетін орындарда, жүкті әйелдерге және ана сүтімен емізетін аналарға қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшелердің барлығында ілініп тұруы тиіс.
  • Медициналық персоналға, кіші және техникалық персоналға ана сүтімен емізу бойынша 18 сағаттық оқыту (3 сағат практикалық оқыту) ұйымдастыру жолымен ана сүтімен емізудің сәтті тәжірибесін жүзеге асыру. Семинарларды өткізу ұзақтығы — 6 айда 1 рет. Жұмысқа жаңадан орналасқан қызметкерлер ана сүтімен емізу бойынша кіріспе нұсқаулықтан өтулері керек.
  • Барлық жүкті әйелдер Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ)/ЮНИСЕФ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры) нұсқаулықтарына негізделген ана сүтімен емізудің артықшылықтары мен әдістері туралы үнемі хабардар болуы және қажет болған жағдайда жеке кеңестер алуы керек.
  • Босанғаннан кейін бірден «денеге дене» жанасуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және босанғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда нәрестені кеудеге жатқызып емізуде анасына көмектесу. Жаңа туған нәрестенің салмағын өлшеу, толық тексеру және басқа да шараларды босанған соң екі сағаттан кейін, нәресте тойып өзі анасын емуді тоқтатқан кезде ғана жүргізу керек. Кесарь тілігі арқылы ота жасалған кезде, ҚПО персоналы әйел өз-өзіне келгенде практикалық көмек көрсетуге міндетті, денесіне жанасу арқылы кеудеге баланы алғаш рет жатқызу анасының және/немесе баласының тарапынан ауыр жағдайлар орын алмаса, кемінде 30 минутқа созылады.
  • Медициналық персонал әр әйелге (алғашқы алты сағат ішінде) ана сүтін қолмен сауу техникасы мен жиілігі, баланы кеудеге қалай дұрыс жатқызу мен ұстау туралы ақпарат береді, ана сүтімен емізу процесін бақылайды және практикалық көмек көрсетеді.
  • Медициналық көрсетілімдерге негізделген жағдайлардан басқа кезде жаңа туған нәрестеге ана сүтінен басқа ешқандай басқа тамақ не сусын бермеу керек (1 қосымша).
  • Ана мен баланың тәулік бойы бір палатада бірге болу тәжірибесін жалғастыру (медициналық көрсетілімдер бойынша бөлек жатқан жағдайда, анасына баласы жатқан бөлімшеге кез-келген уақытта баруына рұқсат етілсін).
  • Кесте бойынша емес, нәрестенің алғашқы қалауы бойынша ана сүтімен емізуді қолдау мен ынталандыруды жалғастыру.
  • ҚПО-та ана сүтін еметін нәрестелер үшін анасының кеудесіне ұқсас немесе нәрестені тыныштандыратын жасанды құралдарды пайдалануға жол бермеу. Тамақтандырудың балама заттарын: кесе, қасық, мензурка, түтік немесе шприц қолдану.
  • Ана сүтімен емізуді насихаттау және аналармен өзара қарым-қатынасты жеңілдету үшін аналарды қолдау тобын (АҚТ) ұйымдастыру. Топ құрамына ана сүтімен емізетін тәжірибелі бірнеше әйел кіреді. Босанған әйелдер үйге шығатын кезде АҚТ қызметі, «Жедел желі» телефоны туралы айту, оның негізгі мақсаты ана сүтімен емізу практикасының ұзақтығы мен оны нығайтуда әйелдерге көмек беру болып табылады.
  • ҚПО-ты барлық бөлімшелерінде тиым салынады:
  • ана сүтін алмастырғыштар, бөтелкелер, емізіктер өндірушілері/дистрибьюторлары өкілдерінің ҚПО-ғы ана сүтімен емізетін әйелдермен және қызметкерлермен маркетингтік кездесулер өткізулеріне, сонымен қатар аталған өнімдерге арналған ақпараттар материалдар таратуға және жарнамалауға;
  • көрсетілген өнімдер өндірушілерінен/ дистрибьюторларынан ана сүтін алмастырғыштардың, бөтелкелердің, емізіктердің, әдебиеттердің, ақшалай сыйақылардың үлгілерін таратуға;
  • медициналық көрсетілімдерге сәйкес, ана сүтін алмастырғыштарды қолданған жағдайда, оларды қайырымдылық қорларынан немесе тегін алмай, жеке қаражатқа сатып алуды қамтамасыз ету.

Медициналық көрсетілімдерге негізделген жағдайлардан басқа кезде жаңа туған нәрестелерге ана сүтінен басқа ешқандай тамақ немесе сусын бермеңіз:

  • өте төмен салмақпен (1500 грамнан төмен) және  32  аптаға дейінгі гестациялық жаста туылған нәрестелер;
  • жетілмеген және ауыр гипогликемия белгілері бар немесе гипогликемияны емдеуді қажет ететін нәрестелер және ана сүтін немесе сауылған ана сүтін жақсы ішкеніне қарамастан жағдайы жақсармайтын нәрестелер;
  • аналарының жағдайлары өте ауыр нәрестелер (мысалы, эклампсия, психоз немесе шок жағдайында);
  • аналары ана сүтімен емізуге қарсы көрсетілімдері бар препараттар ішетін нәрестелер (мысалы, цитостатиктер, радиоактивті немесе тиреоидтық препараттар, пропилтиоурацилден басқа);
  • метоболизм ауытқуларымен туған нәрестелер (мысалы, галактоземия, фенилкентонурия, «сыналы шәрбат» ауруы);
  • ағзасы қатты сусызданған нәрестелер (мысалы, сарғаю кезінде фототерапия курстарын алғанда, егер ана сүтімен жақсылап түрып емізу қажетті ылғалдануды қамтамасыз етпесе).
ҚПО-ғы ана сүтімен емізуді қорғау, насихаттау және қолдау саясаты