Алматыда Қалалық перинаталдық орталық мамандарының қатысуымен жамбас түбі реконструктивті хирургиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтуде - Қалалық Перинаталдық Орталығы
Алматыда Қалалық перинаталдық орталық мамандарының қатысуымен жамбас түбі реконструктивті хирургиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтуде

2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Алматы қаласында «Жамбас түбі реконструктивті хирургиясы. Вагиналды тәсіл, протездеу, облитеративті әдістер және несеп ұстамауды түзету» тақырыбында халықаралық мастер-класс өтуде.
Білім беру іс-шарасының ұйымдастырушылары:
– «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті
– Алматы қаласы ҚДСБ Қалалық перинаталдық орталығы
– «ARTS CLINIC» ЖШС
– Гродно мемлекеттік медицина университетінің акушерия және гинекология кафедрасы (Беларусь Республикасы).
Мастер-класс акушер-гинеколог дәрігерлер мен реконструктивті хирургия саласының мамандарын тәжірибе алмасу, заманауи емдеу әдістерін талқылау және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында біріктірді.
Шетелдік ментор ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Гродно мемлекеттік медицина университетінің акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Лариса Владимировна Гутикова қатысуда. Ол – мол тәжірибесі бар жоғары білікті маман.
Оқу барысында жамбас түбі патологияларын, жыныс ағзалары пролапсын және стресс түріндегі несеп ұстамауды диагностикалау мен хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Сонымен қатар реконструктивті және облитеративті операцияларды таңдау тактикасына, синтетикалық протездерді қолдануға, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алуға және жоғары қауіп тобындағы пациенттерді жүргізуге ерекше назар аударылуда.
Бағдарлама теориялық бөлімнен, клиникалық талдаулардан және заманауи хирургиялық әдістер көрсетілетін практикалық мастер-класстардан тұрады.
Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығының мамандары да іс-шараға белсенді қатысып, реконструктивті гинекология саласындағы халықаралық заманауи тәжірибелерді меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін арттыруда.
Осындай халықаралық білім беру алаңдары кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығы және «ARTS CLINIC» базасында өткізілуде.

Алматыда Қалалық перинаталдық орталық мамандарының қатысуымен жамбас түбі реконструктивті хирургиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтуде