Ақылы қызмет бөлімшесі
Алматы қаласының Қалалық перинаталдық орталығында ана мен баланың өте жайлы және қауіпсіз орында болуы үшін жоғарғы жайлылықты қамтамасыз ететін ақылы қызмет бөлімшесі жұмыс істейді.
Біздің дәрігерлер: Наурзбаева Галина Темирбековна, Омарова Гульсара Алибековна – аға акушер.
Ананың жайлылығы үшін палаталарға кең ортопедиялық төсектер қойылған, ал қасында баланың өмірге келген алғашқы күндерінде Сізге қолдау көрсету үшін келіп, тәулік бойы қасыңызда бола алатын жолдасыңыз немесе жақын адамыңыз үшін қосымша төсек бар.
Палатада Сізді не күтеді?
- ✨ Кеңістік және жайлылық: сіздің тыныштығыңызды ешкім бұзбайтын жеке, жарық палата.
- 🛏 Анаға және баланы күтуге көмектесетін жақын адамыңызға арналған жайлы екі төсек.
- 📺 Барлық жағдай жасалған – теледидар, тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, кондиционер, тамақ ішетін үстел.
- 🤱🏻Ойластырылған кеңістік: баланы орайтын үстел және күтім жасайтын аппараттар.
- 🚿 Кең жуынатын бөлме – жеке дәретхана және барлық қажетті заттары бар душ.
Баланың өмірге келуі – тыныштық пен жайлылықта өтуі тиіс ерекше сәт. Біздің ақылы қызмет көрсету бөлімшесінде ананың тез оңалуы мен нәресте күтіміне арналған барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Төлем ақысына кіретіндер:
- ✔ Біздің дәрігерлердің қамқорлығы және кәсібилігімен өтетін босанудың кез-келген түрі
- ✔ Палатада 3 күн болу – оңашалану, жайлылық, сіздің және балаңыздың тыныштығы
- ✔ Қызметтер — гинекологтың қабылдауы, УДЗ, рентген, талдаулар, қан тобы мен резус факторды анықтау, эпидуралдық анестезия (табиғи жолмен босанудан басқа), анестезиолог дәрігердің кеңесі (кесарь тілігі кезінде).
Баға көрсеткіші:
- 🔹Босану – 275 200 тг
- 🔹Ауырлық деңгейіне қарай босану- 332 200 тг
- 🔹Кесарь тілігі арқылы босану - 399 200 тг
- 🔹Ауырлық деңгейіне қарай кесарь тілігі арқылы босану - 459 200 тг
- 🔹 Ауырлық деңгейіне қарай кесарь тілігі арқылы егіздерді босану - 466 800 тг.
Өзіңізге қамқорлық таныту арқылы – Сіз балаңызға қамқорлық танытасыз! Сәби өмірінің алғашқы күндері мейірімділік пен жайлылыққа толы болсын!
- Байланыстар
Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00
Ақылы қызмет бөлімшесі



