2026 жылғы 10 қазанда Алматы қалалық перинаталдық орталығы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Орталықтың тарихы 1991 жылғы 10 қазанда, Қазақстан тәуелсіздігін алар қарсаңда басталды. Дәл осы күні қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес Қазақ КСР-індегі тұңғыш перинаталдық орталық ашылды. Бұл оқиға еліміздегі акушерлік қызметтің, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесінің дамуындағы маңызды белес болды.
35 жыл — бұл мыңдаған сәби өмірге келген, талай отбасы бақытқа кенелген, медицина қызметкерлерінің бірнеше буыны қажырлы еңбек еткен жылдар.
Әр жылдары орталықты Гүлнара Әжібекқызы Асқарова, Ольга Ахметқызы Әлімбекова, Иван Павлович Коркан, Эльмира Жақашева, Виктор Александрович Белоцерковский және Салтанат Тимурбекқызы Ербулатова басқарды. Олардың әрқайсысы мекеменің дамуына, кәсіби дәстүрлерінің нығаюына, аналар мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің жетілдірілуіне өз үлесін қосты.
Бүгінде Алматы қалалық перинаталдық орталығы — қаладағы үшінші деңгейлі акушерлік көмек көрсететін ең ірі медициналық мекемелердің бірі. Мұнда жыл сайын 9–10 мың босану қабылданады.
Орталықтың басты күші — оның қызметкерлері. Олар — ана мен бала денсаулығы үшін күн сайын аянбай еңбек ететін дәрігерлер, акушерлер, мейіргерлер және өз ісіне адал барлық мамандар.
Орталықтың негізін қалаған, оның тарихын қалыптастырып, кәсібилік, мейірімділік пен жауапкершілік дәстүрлерін орнықтырған жандарды зор алғыспен еске аламыз. Бүгінде олардың игі ісін мамандардың жаңа буыны абыроймен жалғастырып келеді.
35 жыл бойы жаңа өмірді қарсы алып келеміз!
35 жыл бойы ана мен сәби жанынан табыламыз!
35 жыл бойы бізге ең қымбат қазыналарын сеніп тапсырады!
Мерейтойың құтты болсын, аяулы Перинаталдық орталығымыз!
