Алматыда жүкті әйелдерге арналған жаңа орталық ашылды - Қалалық Перинаталдық Орталығы
Алматыда жүкті әйелдерге арналған жаңа орталық ашылды

Алматыда Қалалық перинаталдық орталық базасында тәуекел тобына жататын жүкті әйелдерге арналған клиникалық-диагностикалық орталық жұмысын бастады.

 

 

Мұнда жүктілігі асқынған, қосымша аурулары бар және акушерлік асқынулар қаупі жоғары әйелдер қажетті тексерулерден өтіп, мамандардан консультация ала алады.

 

  • Жолдаманы әйел тіркелген емхана береді.
  • Медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетіледі.
  • Қабылдауды акушер-гинекологтар, генетик, терапевт, офтальмолог және невролог жүргізеді.
  • Орталық МРТ, сараптамалық деңгейдегі УДЗ, кольпоскопия және КТГ аппараттарымен жабдықталған. Зертханалық қызмет те жұмыс істейді.

Орталықтың ашылуына Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.

«Мұнда ықтимал асқынуларды дер кезінде анықтап, ана мен баланың жағдайын бақылауға және қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік бар. Бұл жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деді Марат Пашимов.

📍Бұл Алматыдағы тәуекел тобындағы жүкті әйелдерге арналған екінші клиникалық-диагностикалық орталық. Бірінші орталық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында ашылған.

Алматыда жүкті әйелдерге арналған жаңа орталық ашылды