Перинаталдық орталыққа өзіңізбен бірге не алу керек? - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Перинаталдық орталыққа өзіңізбен бірге не алу керек?

Болашақ аналар, жүктіліктің 36 аптасынан бастап перзентханаға арналған сөмкені ертерек дайындап қойған дұрыс 👶💖. Босанатын уақыт жеткенде ол туралы ойлау қиын болады, сол себепті тыныштықта, асықпай дайындалып алыңыз.

⚠️ Маңызды: 37 аптадан бастап, әрбір жүкті әйел емханада (АМСК) тіркеуде болуы және Госпитализациялау порталы арқылы босану мекемесіне тіркелуі тиіс.

📑 Құжаттар:
  • 🆔 Жеке куәлік;
  • 🛂 Тұруға ыхтиярхат (иммигранттар үшін);
  • 🌍 Нотариуста аудармасы жасалған төлқұжат (шетелдіктер үшін);
  • 📒 Жүкті әйелдің алмасу картасы + барлық мед. құжаттары (УДЗ, скрининг, көшірмелер);
  • 📃 Босануға келісім (ақылы қызмет бөлімшесінде болса).

👩‍👩‍👦 Суррогат ана болу кезінде:
  • Суррогат ана мен биологиялық анасының жеке куәліктері;
  • 📑 Суррогат ана болу туралы келісімнің нотариалдық көшірмесі.

👗 Жеке заттар:
  • Жайлы халат немесе үй киімі;
  • 🥿 Жуылатын тәпішке;
  • 😷 Маскалар;
  • 🌙 2 түнгі іш көйлек (біреуі босануға, екіншісі — баланы емізуге);
  • 👙 2 мақта бюстгальтер;
  • 🧦 Компрессиялық шұлық (І немесе II класс — варикоз кезінде);
  • 2–3 бір реттік төсемелі жөргектер.

👶 Нәрестеге керек заттар:
  • Жеңдері тігілген 2–3 жейде;
  • 🧢 2–3 бас киім;
  • 🧦 Шұлықтар;
  • 👼 5–10 жөргек.

🧴 Гигиеналық заттар:
  • 🪥 Тіс щеткасы мен тіс пастасы;
  • 🧼 Сусабын, сабын;
  • 🧻 Дәретхана қағазы;
  • 🩸 Босанғаннан кейін қажет болатын төсемелер (2 қ.);
  • 🪄 Сіңіріп алатын жаялықтар (4–5 дана);
  • 🛁 2 сүлгі;
  • 🪒 Бір реттік станок.

💧 + Әлденіп алуға:
  • 2 л газдалмаған су;
  • 🥛 консерванттарсыз йогурт;
  • 🍪 сұлы печенье (200 г. дейін);
  • 🍫 Кішкене шоколад (50 г. дейін)

Босануға бірге кіретін серіктесіңізге қажетті заттар: жеке куәлігі, ауыстыратын таза киім мен аяқ киім.

✨ Перзентханаға жиналуыңыз -жайлы, ал босануыңыз – қуаныш пен бақытқа толы болсын! 💕

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Перинаталдық орталыққа өзіңізбен бірге не алу керек?