Жүктілік кезіндегі тамақтану - Қалалық Перинаталдық Орталығы

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік – өз денсаулығыңды және болашақ баланың денсаулығын да ойлайтын әйел өміріндегі ерекше кезең. Кең таралған аңыздарға қарамастан, бұл кезеңдегі тамақтану бұрынғыдан сондай ерекшеленіп кетпейді, тек теңгерімді және әртүрлі тағамдарды жеуге негізделеді.
Дұрыс тамақтану ұстанымдары:
  • Әртүрлі тағам өнімдерін тұтыну қажет, олардың көпшілігі – жануарлардан алынған емес, өсімдіктерден алынатын өнімдер болғаны дұрыс.
  • Нан, ұннан жасалған тағамдар, жармаларды күніне бірнеше рет жеуге болады.
  • Күніне бірнеше рет өзіңіз тұратын жерлерде өсетін көкөністер мен жемістерді жеген жөн.
  • Тамақпен түсетін май мөлшерін бақылаңыз (тәуліктік мөлшері 30% аспауы керек).
  • Жануарлар майын өсімдік майына алмастырған дұрыс.
  • Майлы ет пен ет өнімдерін бұршақ, астық өнімдеріне, балыққа, құс етіне және майсыз еттерге ауыстыру қажет.
  • Май мөлшері төмен сүт пен сүт өнімдерін (айран, қатық, йогурт, ірімшік) пайдаланыңыз.
  • Қант мөлшері төмен өнімдерді таңдаңыз және қант мөлшері мен тәтті сусындарды шектей отырып, қантты аздан қолданыңыз.
  • Тұз мөлшерін көп тұтынуға болмайды, бірақ шектеудің қажеті жоқ. Бір жағынан, тағамдағы тұздың жалпы мөлшері  бір шай қасықтан аспағаны дұрыс – күніне 6 г, екінші жағынан тұзды пайдалану деңгейін жеке артықшылық деп санауға болады. Әсіресе, йод тапшылығы байқалатын аймақтарда йодталған тұз пайдалану қажет.
  • Тамақ дайындауда - оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Тамақты буға, қысқа толқынды пеште пісіру немесе қайнату, дайындау кезінде май, тұз және қант мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Дәрумендер мен микроэлементтер

Жүктілік кезінде жасанды дәрумендерді тағам өніміне қосудың қажеттілігі жоқ. Тек теңгерімсіз тамақтану кезінде, сонымен бірге халық ашыққан аймақтарда, дәрумендерді пайдалану тиімді болып саналады.
  • жүктілікке дейінгі кезеңде және жүктіліктің алғашқы 12 аптасында күніне 400 мкг мөлшерінде фолий қышқылын үнемі қолдану ұрықтың жүйке түтігі ауруларының (анэнцефалия, spina bifida) даму қаупін айтарлықтай төмендетеді, барлық әйелдерге фолий қышқылын қабылдауды ұсыну керек
  • анемияның алдын алу үшін үнемі фолаттар қабылдауға ешбір негіз жоқ
  • перинаталдық нәтижелерге еш тиімділігі болмайтындықтан, темір препараттарын үнемі қолданудың қажеті шамалы, алайда босану кезінде Hb < 100 г/л санын азайтады,  бірақ  көбіне асқазанның тітіркенуін, іш қату немесе диарея тудырады
  • А дәруменінің күнделікті мөлшері 700 мкг асса, тератогендік әсер беруі мүмкін, сол себепті А дәруменін қосудың қажеті жоқ. Одан бөлек жүкті әйел А дәрумені көп кездесетін өнімдер туралы білуі тиіс, мысалы, бауыр немесе бауырдан жасалған тағамдар
  • D дәруменін қолданудың айқын пайдасы болмағандықтан, оны қабылдауға ұсынуға еш себеп жоқ
  • эндемиялық кретинизм ауруының жоғарғы деңгейі орын алған аймақтарда йодты қосымша ұсынады
  • шөптер, шөп тұндырмалары мен тұнбалар да дәрі болып табылатындықтан, оларды дәрігердің тағайындаусыз ішуге болмайды. Ондай препараттардың қауіпсіз екені болашақ бала үшін де, жүкті әйелдің өзі үшін де белгісіз
Дәрілік препараттар Жүктілік кезінде пациенттің денсаулығы мен өміріне қауіп төнбесе, кез-келген дәрілік препаратты қабылдауға болмайды
  • кез-келген дәрігер репродуктивті жастағы әйелге емдеу тағайындаған кезде, оның жүкті болуы мүмкін екенін ойлағаны жөн
  • мөлшерлеу, қолдану ұзақтығы, гестациялық жасына талдау жасалмайынша, дәрілік препараттардың бірде біреуін тератогенді немесе бей тератогенді деп жіктеуге болмайды
  • аз ғана дәрілік препараттар жүктілік кезінде оларды қолдану қауіпсіз екені жөнінде тесттен өткен, яғни толықтай қауіпсіз деп саналады
  • дәрілік препараттардың ұрыққа өте қауіпті әсер ететін мерзімі ұрықтанғаннан кейінгі 15-56-шы күндер болып табылады
  • фермент тудыратын ингибиторлар тобынан шыққан ангиотензин  (мысалы, капотен, гоптен, ренитек) гипотензивті препараттарын және АТ ІІ рецепторларының антагонистерін (мысалы, лазортан, эпросартан) қоспағанда, оларды жүктіліктің 2-ші және 3-ші кезеңінде қабылдау ұрық бүйрегінің дамуы мен істемей қалуының салдарынан судың аздығына әкеліп соғуы мүмкін
  • жүктілік кезінде көбіне тексерілген препараттарды тағайындаған жөн, жаңадан фармацевтика нарығында шыққан препараттарды тағайындаудан аулақ болған дұрыс
  • көбіне аз уақытқа ең тиімді мөлшерде пайдаланған дұрыс
  • жүкті әйелдің созылмалы экстрагениталдық аурулары болса (препаратты, мөлшерін, қабылдау ұзақтығын, курс ұзақтығын таңдау), емдеу сәйкес сала маманымен бірге тағайындалуы керек
Медицина мамандары болашақ ата-ананың ағзасындағы физикалық және психологиялық өзгерістерді және ұрықтың даму сатысын анық түсінуі керек, бұл қажеттілік туындаған кезде дұрыс ақпарат пен кеңес беру үшін қажет болады.

Жүктілік кезінде өзіңізге қалай күтім жасау керек/b>
  • Жүктілік кезіндегі толыққанды күтім - тек өз денсаулығыңызды ғана емес, болашақ балаңыздың денсаулығын да сақтауға көмектеседі. Жүкті екеніңізді білген сәтте, бірден әйелдер кеңесіне жүгініңіз. Егер жүктілігіңіз нақтыланып, Сізді есепке алатын болса, бекітілген кестеге сәйкес өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге тұрақты қаралып тұрыңыз.
  • Дұрыс тамақтаныңыз. Жүктілікке дейін салмағыңыздың қанша болғанына қарай, Сіз шамамен 8-16 кг қосасыз. Жүктілік – арықтайтын уақыт емес.
  • Қалаған кезіңізде ұйықтап немесе демалып алыңыз. Өзіңізді шаршатпаңыз, бірақ толығымен қатты еркінсіп те кетпеңіз. Әр адамның ұйықтау қажеттілігі әртүрлі, бірақ көп адамға тәулігіне сегіз сағаттық ұйқы жеткілікті.
  • Темекі шекпеңіз және темекі шегіп тұрған кісінің қасында тұрмаңыз. Егер темекі шегетін болсаңыз, тез арада оны тастаңыз!
  • Ешқандай алкогольді сусындар (сыра, шарап, спирттік сусындар және т.б.) ішпеңіз. Есірткі туралы айтудың да қажеті жоқ!
  • Дәрігердің тағайындауынан басқа ешқандай дәрілер мен басқа да медикаменттерді ішпеңіз. Шөптер мен шөп тұнбалары/шайлар да дәрі болып табылатынын естен шығармаңыз.
  • Жүктілік кезінде қатты және өткір иістерден де аулақ болыңыз (мысалы, бояулар мен лактың иісінен). Шаруашылық тазалау және жуу құралдарын пайдаланғанда да абай болған дұрыс: сыртындағы нұсқаулықтарын жақсылап оқыңыз және қолғап киіп жұмыс істеңіз, жақсы желдетілмейтін жерлерде мұндай жұмыстармен айналыспағаныңыз жөн.
  • Егер үйде мысығыңыз болса, оның дәрет сындыратын орнын отбасыңыздың басқа мүшелеріне тазалатыңыз немесе міндетті түрде қолғап киіп тазалаңыз (токсоплазмоз деген ауру бар – ол мысықтың нәжісі арқылы беріледі және жүкті әйелдер үшін өте қауіпті). Басқа кездерде үй жануарларыңыз Сіз бен Сіздің балаңыз үшін ешқандай қауіп тудырмайды.
  • Физикалық жаттығулар Сіз үшін де, Сіздің балаңыз үшін де пайдалы. Егер ешқандай мәселе туындамаса, жүктілікке дейін жасаған жаттығуларыңызды жасауды жалғастыра беруіңізге болады. Жаяу жүру мен суға жүзу – белсенділікті сақтауға, қан айналымын жақсартуға және салмақты бақылауда ұстауда өте жақсы, ыңғайлы тәсіл.
  • Түрлі ақпарат алу үшін өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе акушеріңізге хабарласудан ұялмаңыз және Өзіңізді жаман сезінсеңіз бірден осы кісілерге хабарласыңыз. Дәл қазір ана сүтімен емізудің пайдасы және ана сүтімен емізетін аналар үшін отбасын жоспарлау тәсілдері туралы ақпарат алатын уақыт.
Сізге және Сіздің балаңызға арналған дұрыс тамақтану
  • Әрине, дұрыс тамақтану Сіздің денсаулығыңыз үшін де, балаңыздың денсаулығы және өсуі мен дамуы үшін де маңызды. Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану әйел өмірінің кез-келген кезеңіндегі дұрыс тамақтану секілді маңызды болып табылады. Жүктіліктің дұрыс өтуіне аса қажет болып табылатын «сиқырлы» тағамдар болмайды. «Тиым салынған» тағамдар саны да көп емес. Өзіңізде аллергия тудыратын тамақтардан аулақ болғаныңыз жөн; сонымен бірге тәттілерді, майларды және майлы тамақтарды аз мөлшерде тұтыныңыз.
  • Құрылымына қарап отырсақ, Сіздің тамақтануыңыз пирамидаға ұқсас болуы керек: көбірек бөлігі нан, жарма, ботқалар мен макарон өнімдерінен тұрады. Осы өнімдерді Сіз басқаларынан қарағанда көбірек тұтынуыңыз керек. Көкөністер мен жемістер ауқымына қарай қажетті өнімдер тобы бойынша екінші орында. Үшінші, яғни кішірек бөлігін сүт өнімдері, сонымен қатар ет, бұршақ тұқымдастар, жұмыртқа және жаңғақтар құрайды. Пирамиданың ең жоғарғы жағында майлар, тәттілер тұрады, оларды аз мөлшерде жеу керек. Дұрыс тамақтану бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса, дәрігерден көмек сұраңыз.
  • Жүкті әйелдер көбіне үлкен көлемде фолий қышқылы (дәрумен) мен темірді қажет етеді. Темірге бай (бұршақ тұқымдастар, жасыл көкөністер, сүт, жұмыртқа, ет, балық, үй құсының еті) және фолий қышқылынан тұратын (бұршақтар, жұмыртқа, бауыр, қызылша, орамжапырақ, асбұршақ, қызанақ) азық-түліктер тұтыныңыз. Егер дәрігер тағайындаса, темірден тұратын дәрумендер мен дәрілер ішіңіз.
  • Егер тәбетіңіз тартпай тұрса, тамақты күніне көптен 3 рет ішкеннің орнына, аз мөлшерде 5-6 реттен ішіңіз.
  • Күніне сегіз стақан сұйықтық, көбіне су ішіңіз. Кофеиннен тұратын (шай, кофе, кола) сусындарды немесе құрамында қанты көп сусындарды күніне үш стақаннан артық ішпеңіз. Әсіресе шай мен кофені тамақпен бірге ішпеңіз (кофеин темірдің сіңірілуіне кедергі келтіреді).
 
Жүктілік кезіндегі қолайсыздықтар

Жүктілік – физикалық және эмоциялық өзгерістер кезеңі. Жүктіліктің белгілі бір кезеңдерінде көптеген әйелдер біраз жайсыздықтарды сезінеді. Уайымдамаңыз. Бұл бала өмірге келген соң кететін қарапайым нәрселер. Көбіне кеңінен таралған қолайсыздықтар мыналар:
  • Алғашқы үш айда және соңғы үш айда кіші дәретке жиі бару.
  • Әсіресе алғашқы үш айда тез шаршау. Жиі демалыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және жеңіл физикалық жаттығулар жасаңыз. Бұл Сіздің тез шаршап қалмауыңызға көмектеседі.
  • Таңертеңгілік немесе тәуліктің басқа уақытындағы лоқсу алғашқы үш ай өткен соң басылады. Таңертең құрғақ печенье немесе бір тілім нан жеуге тырысыңыз. Ащы және майлы тамақтарды ішуден аулақ болыңыз. Аз-аздан, бірақ жиі тамақтаныңыз.
  • Жүктіліктің бесінші айында қыжыл пайда болады. Оны болдырмау үшін, кофе немесе кофеині бар газдалған сусын ішпеңіз; тамақтан кейін бірден жата қалмаңыз және еңкеймеңіз; басыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Егер қыжыл кетпесе, емдеуші дәрігеріңізден кеңес сұраңыз.
  • Жүктілік кезінде іштің қатуы Сізге қолайсыздық тудыруы мүмкін. Тәулігіне, аз дегенде, 8 стақан су немесе басқа сұйықтық ішіңіз және жасұныққа бай, мысалы жасыл көкөністер мен бидай ұнынан дайындалған ботқа жеңіз. Жоғарыда көрсетілген су өнімі несеп жолы инфекцияларының да алдын алады.
  • Тобығыңыз бен табандарыңыз ісінуі мүмкін. Күніне бірнеше рет аяғыңызды көтеріп қойыңыз; ісікті басу үшін қырыңыздан жатыңыз.
  • Жүктіліктің соңғы 3-4 айында беліңіз ауыра бастайды. Өкшесі төмен туфли киіңіз, ауыр көтермеңіз; егер сонда да ауыр көтеру керек болса, беліңізді емес, тізеңізді бүгіңіз.
ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

Төмендегі белгілердің біреуін болса да байқасаңыз, тез арада дәрігерге жүгініңіз:
  • Жыныс мүшелерінен қызыл жағынды кетсе
  • Қынаптан сұйықтық ақса
  • Үнемі бастың ауыруы, көздің алдында жарқылдар мен жұлдызшалар пайда болып, көру нашарласа
  • Қол немесе бет бірден ісініп кетсе
  • Температура 380С немесе одан жоғары көтерілсе
  • Қынаптың қатты қышуы немесе күйгендей болуы, не қынаптан көп мөлшерде жағынды кетсе
  • Кіші дәретке барғанда қышу немесе ауырсыну
  • Іштің қатты ауыруы, тіпті жатып, босаңсысаңыз да қоймаса
  • Бір сағаттың ішінде толғақ 4-5 рет қайталанса
  • Құлау, автокөлік апаты, немесе біреу Сізді ұрғанда ішіңізді ауыртып алсаңыз
  • Жүктіліктің алтыншы айынан кейін – Балаңыз 12 сағат ішінде 10 қозғалыстан аз қозғалыс жасаса.

Мекенжайы:
050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Жұбанов көшесі, 11

Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Азаматтарды қабылдау: Дүйсенбі-Жексенбі 8:00-17:00

Жүктілік кезіндегі тамақтану